Kia Regional Skill Cup: Қазақстан жеңді!
Мәскеуде өткен Kia Regional Skill Cup механиктер байқауының өңірлік кезеңінде Қазақстан өкілібірінші орынды еншіледі.
2025 жылы 4 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы Kia академиясында Kia Regional Skill Cup механиктербайқауының өңірлік кезеңі өтті.

Байқауда Ресей, Қазақстан және Өзбекстаннан келген ұлттық байқаулардың финалистері – үздікмеханик диагностар күш сынасты. Әр елден екі адамнан қатысты. Қазақстанның намысын Анатолий Мун(Taldykorgan Auto Group ДО, Талдықорған) және Дәулет Шаймерденов (Allur Turan ДО, Астана) қорғады.
Байқау аясында қатысушылар мына бөлімдер бойынша берілген практикалық тапсырмалардыорындады:
- қозғалтқыш (автокөлікті жөндеу және іске қосу),
- электрика (электр тізбектерін қалпына келтіріп, көлікті іске қосу),
- шасси (роботты трансмиссиядағы ақаулықты анықтау).
Әр тапсырманы орындауға берілген уақыт қатаң белгіленді, бұл қатысушыларға эмоционалды түрдеедәуір қысым жасады. Сайыс тартысты болды, қатысушылардың барлығы – жоғары дәрежелі мамандар. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды талдықорғандық Анатолий Мун иеленді. ЖеңімпаздыҚазақстандағы Kia дистрибуциясына техникалық қолдау көрсететін жаттықтырушы АлексейСиволапов дайындаған болатын. Енді Анатолий Мун 2026 жылы мамыр айында Оңтүстік Кореяның Сеулқаласында өтетін Kia World Skill Cup механиктер байқауының әлемдік финалында еліміздің атынанқатысады.
Kia Regional Skill Cup ТМД елдерінде Kia клиенттік сервисінің жоғары стандарттарын сақтаудағымаңызды кезең болды. Мұндай сайыстар елдер арасындағы байланысты күшейтіп, мамандардыңтехникалық дағдыларының деңгейін арттырады.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жс 09:00-20:00
Сервистік қызмет көрсетудің жұмыс кестесі:
Дс-Жс 09:00-20:00
Біздің мекен жай:
Проспект Байдибек би, 149
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – DOSCAR Shymkent ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2025 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»
